"Мында жатыр". Түнде Павлодар облысында бала құтқарылды

pxfuel.com
Баланы іздеуге ауыл әкімі, мұғалімдер мен қамқор ауыл тұрғындары да қосылды.

Павлодар облысында жоғалған бала шөп үйіндісінің астынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 қазан күні сағат 22:30 шамасында Шарбақты ауданының полициясына Малиновка ауылының тұрғынынан 2009 жылы туған кәмелетке толмаған жиенінің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сондай-ақ, баланы іздеуге ауыл әкімі, мұғалімдер мен қамқор ауыл тұрғындары да қосылды. Іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бірінші кезекте барлық құдықтарды, қараусыз қалған ғимараттарды тексеріп, ауылдың әрбір бұрышын, мектептер мен үйлерді тінтті. Түнгі уақыт іздеуді қиындатты.

Полицейлердің назары үй жанына түсірілген шабылған шөпке түсті. Бала жиналған шөптің түбіне түсіп кеткен екен. Өз күшімен шыға алмаған.

Полиция кәмелетке толмаған баланы аман-есен шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Балада дене жарақаттары табылған жоқ, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Белгілі болғандай, баланың кетуіне атасының "еркелей берме" деген ескертуі себеп болған.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады