Ақтауда бір әйел 9-қабаттан секірмек болды

polisia.kz
Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Ақтауда полицейлер әйел адамды өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, 29 қазан күні "102" кезекші пультіне әйел адамның тоғызыншы қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсайын деп жатқаны жөнінде қоңырау келіп түсті. Тәртіп сақшылары бірден аталған мекен-жайға барды. Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Болат Ибрагим және қызмет инспекторлары Бауыржан Сәрсенбаев пен Әділ Изанов ұзақ ойланбастан дереу шешім қабылдап, 20-30 минуттай әңгіме жүргізіп, әйелді райынан қайтаруға тырысты. Әйел қолын енді жібере берген сәтте полиция капитаны Болат Ибрагим бірден оны ұстап, көтеріп алды.

46 жастағы азаматшаның мұндай әрекетке баруы отбасылық жағдайларына байланысты болған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Осылайша бір ананың өмірін құтқарған полиция қызметкерлерінің ерліктеріне барша үй тұрғындары куә болып, табанды шешімдері мен жасаған әрекеттері үшін шексіз алғыстарын жеткізді.

"Күнделікті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызметке түсеміз, күнде әртүрлі жағдайларға кезігіп жатамыз. Оқиғаның соңы не боларына көз жетпей, уайым болды. Бірақ ойланып тұратын уақыт жоқ болғасын, бірден осындай әрекетке бардым. Қуанышымызға орай, барлығы жақсы аяқталды. Бұл біздің тікелей міндетіміз бен азаматтық борышымыз деп білемін,- деді патрульдік полиция батальонының взвод командирі Болат Ибрагим.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты