Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысып, жеті адам зардап шекті

Zakon.kz
Барлығы қаладағы түрлі ауруханаларға жатқызылды.

Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында троллейбус пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Троллейбус Абылай хан даңғылының бойымен оңтүстікке қарай жылжып келе жатты. Автобус Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан.

Куәгердің айтуынша, автобус бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, салдарынан қатты қақтығыс орын алды.

Соққыдан автобус жолдың қарсы бағытына айналып, Абылай хан даңғылының жаяу жүргіншілер жүретін тротуарына бір-ақ ұшты.

Жол апаты салдарынан автобустың жүргізушісі мен бес жолаушысы зардап шекті. Барлығы қаладағы түрлі ауруханаларға жатқызылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі