Министр шахтадағы жарылыстың себебін атады

Біз дачиктерді қарап шықтық - Юрий Ильин.

Қарағанды облысының Абай шахтасында көз жұмған алты кенші метан газы тараған кезде құтқару құралын киіп үлгермей қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше оқиға таңғы сағат 8.24-те болғанын айттым. Кенжарда кенеттен метан газы босап шыққан. Біз дачиктерді қарап шықтық. Диспетчерлік қызмет ауадағы метан газының концентрациясы бірнеше есе – 41 пайызға дейін артып кеткенін анықтады. Кенжардағы сегіз адамның алтауы тіпті құтқару құралын киіп үлгермей, сол жерден көз жұмған. Осы шахтаның кіреберіс ауызында болған екі адам алғашқы құтқару құралдарын киіп үлгергендіктен, ауыр жағдаймен ауруханаға түсті. Әзірге, алғашқы мәліметтер осындай. Метан газының босап шығуына не себеп болғанына келсек, оны комиссия анықтайды. Бәлкім қандай да бір технологиялық процестер бұзылды ма, метанның кенет шығуына не түрткі болғанын солар тексереді, - деп хабарлайды Қазақпарат министр Юрий Ильиннің сөзін келтіріп.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: