Павлодарда есірткіні құпия орындарға тастаушы әйел 10 жылға сотталды

Zakon.kz
Әйел есірткі алатындарға "белгілер" жасап, олардың координаттарын Telegram қосымшасы арқылы жіберіп отырған.

34 жастағы павлодарлық әйел қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметі бойынша, сотталған әйел есірткіні сырттай таратқан.

Әйел есірткі алатындарға "белгілер" жасап, олардың координаттарын Telegram қосымшасы арқылы жіберіп отырған, – делінген аймақтың ПД хабарламасында.

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 43 қылмыс тіркелген, оның ішінде 30 – есірткі заттарын өткізу фактілері. Заңсыз айналымнан 346 келіден астам есірткі, оның ішінде 110 грамм героин, 338 келі марихуана, 5,9 келі гашиш және 1,3 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды