Ақтауда 8 қарашада қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиғаның қалай болғаны бақылау камерасына жазылып қалыпты.
Бұрылмақ болған Mercedes-Benz көлігіне үлкен жылдамдықпен келе жатқан Toyota Corolla соғылды. Соққыдан кейін Mercedes-Benz аударылып, өртеніп кетті, - делінген "Лада" хабарламасында.
Қатты соққыдан Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы көліктен ұшып кетті. Алған жарақатынан ер адам мен әйел жедел жәрдем жетем дегенше қайтыс болды.
Зардап шеккен бір адам облыстық ауруханаға жеткізілді, оған бастың жабық жарақаты, оң білектің ашық сынығы деген диагнозы қойылды.
Компьютерлік томография жасалды. Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасады. Тізе мен білек қалпына келтірілді. Қазір жағдайы тұрақты. Науқас дәрігердің бақылауымен ем алуда, деді Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.
Бақытжан Отарбаева