Түркістандық ойыншық тапаншамен қорқытып, үйді тонап кетті

pexels
Тергеуде анықталғандай, шабуыл кезінде ер адам жәбірленушіні ойыншық тапаншамен қорқытқан.

Түркістан облысында ер адам ойыншық тапаншанмен қорқытып, үйді тонап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам үйге кіріп, тапаншамен қорқытып, тұрғынды тонап кетті.

"Жәбірленуші үйіне белгісіз ер адам кіріп, миллион теңге мен ұялы телефонын алып кеткенін айтты. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 млн 100 мың теңгені құрады. Тонаушының жеке басы анықталды", - деді ТО ПД баспасөз қызметі.

Төле би АПБ-нің полицейлері күдіктіні ұстап алып, барлық мән-жайды анықтау үшін аудандық бөлімге жеткізді.

Тергеуде анықталғандай, шабуыл кезінде ер адам жәбірленушіні ойыншық тапаншамен қорқытқан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚК-нің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер ретінде алынған құнды заттар заңды иесіне қайтарылды. Күдікті қамауға алынды. Қаскүнемнің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда, - деп толықтырды полиция.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты