Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдағы қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
17 қараша күні сағат 16:30-да Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) Алматы-Ташкент-Термез автожолында, 160-238 км учаскесінде, Кенен ауылы –Благовещенка ауылында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Қазнет қолданушылары ауа райының қолайсыздығын растайтын фото және видео жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция департаменті жүргізушілерден ауа райы болжамын қадағалауды, ерекше қажеттіліксіз елдімекендерден тыс жерлерге шықпауды, құтқарушылардың ұсыныстарын сақтауды сұрады.
Желдің күшеюіне байланысты Жамбыл облысының Полиция департаменті ескертеді:
- жүргізушілерге мүмкіндігінше жеке автокөлікпен жүруден бас тартуға немесе жол қозғалысы кезінде өте мұқият болуға ;
- жаяу жүргіншілерге автотрассалар арқылы өту кезінде және оларға жақын жерде аса сақ болу керек;
- көшеде сақ болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
- электр беру желілерінің сымдарына, электр көлігінің байланыс желілеріне, ағаш бұтақтарына ерекше назар аударыңыз;
- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан аулақ қойыңыз;
- үйлердің қабырғаларының жанында ұзақ уақыт болудан аулақ болыңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін.
Қалалықтардан мұқият болуды, үйден ерекше қажеттіліксіз шықпауды сұраймыз.
Бақытжан Отарбаева