ТЖМ басшысы Шортандыдағы жарылыс себебін айтты

ҚР ТЖМ
Жарылысқа газ балонының суықтан әкелініп, жылы жерге қойылғаны себеп болды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақмола облысының Шортанды кентінде газ баллонының жарылу себебін атады. Қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәл осы үйде өрт шыққанға дейін, 8 қарашада біздің қызметкерлер болды. Олар нұсқаулық өткізді, жадынама таратты, датчиктер қойды.

Тергеу жүргізілуде, жарылысқа газ балонының суықтан әкелініп, жылы жерге қойылғаны себеп болды. Ал бұл газ баллоны қай жерде құйылғанын тергеу органы анықтайды, - деді министр Сенатта.

16 қараша күні сағат 21:38-де Шортанды кентінің бір қабатты үш пәтерлі тұрғын үйінде газдың жарылуына байланысты пәтердің шатыры опырылып, 350 шаршы метр алаңда өрт шықты.

Біраз уақыттан кейін тағы бір әйелдің күйген денесі табылды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді