Мүгедектікті рәсімдеп беремін деп 700 мың теңге алды

Сурет: Zakon.kz
Полицияға жергілікті тұрғын жүгінген.

Түркістан облысында алаяқ әйел мүгедектікті рәсімдеп беремін деп ақша алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД мәліметінше, полицияға жергілікті тұрғын жүгінген.

Жұмыссыз жүрген әйелге оның танысы, мүгедектік үшін берілетін жәрдемақыны алып беремін деп уәде берген.

Алаяқ өз қызметін 700 мың теңгеге бағалаған. Ақшаны алып-алып, бір жылдан астам уақыт бойы жәбірленушіге уәдені үйіп-төккен. Бірақ нәтиже болмаған. Полицейлер ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық"бойынша фактіні тіркеді.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні, яғни жұмыссыз әйелді тұрғылықты жері бойынша ұстады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай, күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды