Түркістан облысында төрт адам газға уланып, қайтыс болды

pixabay
Олар мұнда туған ағаларының қырық күндік асын беруге келген көрінеді.

Түркістан облысында бір үйден төрт адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала болжам бойынша, олар газ иісіне уланып мерт болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, қайтыс болғандардың екеуі – ағалы-інілі азаматтар. Сондай-ақ, 57 жастағы әйел мен оның төрт жасар немересі де көз жұмған. Олар бұл үйге туған ағаларының қырық күндік асын беруге келген көрінеді. Төтеншеліктердің анықтауынша, үйдегі қатты отын жағуға арналған темір пеш табиғи газбен жылыту үшін қайта жабдықталыпты.

Бұл арада пеш пайдалану ережелерінің бірқатар талаптары сақталмағаны анықталып отыр. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша полиция қызметкерлерімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Биылғы жылы 11 адамның өмірін жалмаған тура осындай төрт жағдай орын алып отыр.Асанғазы Мәдіханұлы, Түркістан облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы

 

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады