Мектепке жарылғыш зат қойылды деген Шу тұрғыны ұсталды

Фото: Zakon.kz
Күдікті кінәсін толық мойындап, Шу ауданы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Шу ауданында мектепте жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz мәліметінше, жалған ақпарат таратқан Шу ауданының 25 жастағы тұрғыны екен.

Шу ауданы полиция бөліміне белгісіз тұлға қоңырау шалып, Шу ауданы Төлеби ауылында орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектептің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы, яғни дайындап жатқан терроризм актісі жайлы хабарлаған.

Полиция қызметкерлерімен жедел түрде тиісті шаралар қолданылып, мектеп ғимаратынан 300-ден астам адамды эвакуациялады. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат анықталмады. Тәртіп сақшыларымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 25 жастағы тұрғыны ұсталды.Жамбыл облысының ПД

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті кінәсін толық мойындап, Шу ауданы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді