Қаскөйлер бір әйелге 2 млн теңгенің несиесін алдап тіркетіп жіберген

Әйелге тексеру желеуімен смартфонына AnyDesk қашықтан басқару қосымшасын орнату ұсынылады. Осыдан кейін оған жалпы сомасы 2 млн теңгеге екі кредит рәсімделді

Белгісіз біреулер жәбірленушіге қоңырау шалып, өздерін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері деп таныстырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 желтоқсанда Степногорск қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Әйел өзінің атына белгісіз тұлғалар екінші деңгейлі банктердің бірінің қосымшасы арқылы 2 млн теңге несие рәсімдегенін айтты.

14 қазанда белгісіз біреулер жәбірленушіге қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкерлері деп таныстырып, атына несие тіркелгенін айтып, содан кейін мессенджерге жалған несие келісімін жіберіп, оған сендіреді.

Сөйтіп әйелге тексеру желеуімен смартфонына AnyDesk қашықтан басқару қосымшасын орнату ұсынылады. Осыдан кейін оған жалпы сомасы 2 млн теңгеге екі кредит рәсімделді.

Аталған факті бойынша тергеу бөлімі ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оған қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: