Атырауда аяғы ауыр келіншек көпірден секіріп кетті

Сурет: pxhere
Әйел Орал қаласының тұрғыны болып шықты

Атырауда полицейлер көпірден секіріп кеткен жүкті әйелді құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 желтоқсан күні сағат 09:20 шамасында Жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы Атырау қаласындағы жаяу жүргіншілер көпірінде күдік тудырған әйелді анықтап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлама берді.

Патрульдік полиция батальонының рота командирі Алмас Закариев оқиға орнына барып, көпірдің арғы жағында әйелді көріп, онымен байланыс орнатпақ болған, бірақ ол полиция қызметкерімен әңгімелеспей, көпірден секіріп кеткен.

Алайда оқиға орнына дер кезде қайықпен жеткен Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Жандарбек Жаңбырбаев пен Айбат Джаубаев әйелді құтқарып қалды. Көпірден секірген 28 жастағы азаматшаның жүкті екені анықталды. Әйел Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Ол жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді, тергеу амалдары басталды.Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты