Талдықорғанда үй ішіне орнатылған жасанды шыршадан өрт шықты

Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
2021 жылы 26 желтоқсанында сағат 10:36-да Алматы облысы ТЖД-ға Талдықорған қаласының Болашақ ықшамауданынан өрт туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz

Өрт көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатында орын алды.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның 16 қызметкері мен алты техникасы, сондай-ақ басқа да шұғыл қызметтер жіберілді.

0,5 шаршы метр алаң өртке оранып, жасанды шырша мен диван жанғаны анықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Көрші Әлішер Еріков пәтерден екі баланы алып шығып, өртті сөндірген.Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, өрттің шығуына ішкі электр желісіне қосылған электр гирляндасындағы қысқа тұйықталу себеп болған.

Талдықорған
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео