Мереке күндері теміржолдағы рейд кезінде 120-дан астам ереже бұзушылық анықталды

Мерекелік демалыс күндері теміржолшылар көлік полициясы және әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлерімен бірлесіп, қауіпсіздік рейдтерін өткізді. Үш күн ішінде 128 ереже бұзу фактісі анықталып, 53 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Рейд барысында 700 азаматқа теміржол жол тәртібі түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.

Тыйым салынған аумақта жолды кесіп өту – жарақат жағдайларына әкеп соқтыратын басты себептердің бірі. Сондықтан теміржолшылар әкімшілік жауапкершілікті қатайтып, айыппұлды көбейту керек деген ұстанымда. Қазіргі уақытта айыппұл үш АЕК мөлшерінде."Қазақстан теміржолы" ҰК"АҚ баспасөз қызметі

Теміржолда қауіп-қатердің алдын алу қарекеті үнемі өткізіліп тұрады. Мереке күндері және мектеп оқушыларының қысқы демалысы кезінде бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар, оқу маусымында барлық білім беру мекемелерінде қауіпсіздік сабақтары жүреді.

 "ҚТЖ" ҰК" АҚ теміржолда абай болуды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды тағы бір мәрте ескертеді. Теміржол өте қауіпті аумақ екенін ешқашан естен шығаруға болмайды.

Айта кетсек, бір апта бұрын пойыздың төбесіне шығып, қайтыс болған жасөспірімнің видеосы әлеуметтік желілер арқылы таралды. Осыған байланысты ҚТЖ АҚ мәлімдеме жасаған еді.

Оқи отырыңыз: Таразда жасөспірім пойыздың үстіне шығып, мерт болды

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: