Қазақстанда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200-ден астам адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстандағы саяси-экономикалық жағдайларға байланысты бірқатар өңірлерде заңсыз акциялар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz
Жергілікті атқарушы органдар мен прокуратураның ескертулеріне қарамастан, азаматтар арандатушылық шақыруларға еріп, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін заңсыз әрекеттерге барған.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Жекелеген топтар жолдарды жауып, көлік қозғалысын тоқтатты, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын және елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін бұзды.

Құқық қорғау органдарына және басқа да мемлекеттік қызметкерлерге шабуыл жасалды.

Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктерге шабуылдауға талпыныстар жасалып, есік-терезелер сындырылды, басқа да материалдық шығындар келтірілді.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша заңда көзделген шаралар қабылдады.

Заңсыз әрекеттер салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкері зардап шекті. 37 қызметтік көлік зақымдалды.

Қоғамдық тәртіпті бұзған 200-ден астам адам ұсталды.

Ішкі істер органдары халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Қазақстан
Шымкент
Тараз
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін