Әкімдікке басып кірген көпбалалы аналар ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде облыс әкімдігіне бір топ адамның, оның ішінде әйелдердің қалай басып кіргенін көрсететін видеоны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz

Тәртіпсіздік кезінде көпшілікпен бірге облыстық әкімдіктің ғимаратына басып кірген екі көпбалалы ана қамауға алынды. Олардың бірі – 7 баланың анасы. Оның ең кенже баласы – 7 айлық. Ал ұсталған екінші әйелдің 5 баласы бар.

Қызылордада 5 қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде 2 әйел митингке қатысушылармен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына заңсыз басып кіріп, жаппай тәртіпсіздік жасаған. Видеодан көрініп тұрғандай, Н.Ж. және Б.З. құқық қорғау қызметкерлеріне тас лақтырып, әкімдіктің темір қоршауына шығып, балағат сөздер айтты.Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ұсталған әйелдерге қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздікке қатысу) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта 2 әйел де қылмыстық әрекеттерін толық мойындады. Денсаулықтары мен қамқорлығында кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескере отырып, негізгі жаза – үйқамаққа ауыстырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді