Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТМРК басшысы жұмыстан шығарылды

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысына қатысты Әдеп жөніндегі кеңесте тәртіптік іс қаралып, Кеңестің шешімімен ол қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz
26 қаңтарда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңес отырысында СҚО бойынша ТМРК-ның аумақтық департаментінің басшысы Абай Балабековтың әдепсіз мінез-құлқы қаралып, онда оны жұмыстан босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бірауыздан шешім қабылданды. Осылайша, дискомиссияның ұсынымы негізінде, Ұлттық экономика министрлігінің Аппарат басшысының 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен Абай Балабеков ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы қызметінен босатылды.ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі

Еске салайық, бұл іс лауазымды тұлғаның қоғамдық орынға мас күйінде келу фактісі бойынша қаралды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма