Ресейдің барлау қызметі қаңтар оқиғаларына дайындық жайынан хабардар болған

Сурет: Zakon.kz
РФ Сыртқы барлау қызметінің (СБҚ) директоры Сергей Нарышкин өз ведомствосына 2022 жылғы қаңтар айының басында Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге дайындық барысы туралы мәлімет белгілі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ол "МК"газетіне берген сұхбатында айтты.

Әуел баста, талқандалған Сириядан ИШИМ бандалары мен басқа да террористік топтардың содырлары Орта Азия мемлекеттеріне ағылды. Бұл біз үшін де, басқа да мемлекеттердің арнайы қызметтері үшін де құпия емес еді. Мұндай арлы-берлі қозғалыс кімдердің қолдауымен болғандығы белгілі. Бұл мәселеге қатысты өңірдегі барлық мемлекеттер алаңдаушылық білдірді. Біз осы сипаттағы ақпараттармен Қазақстан, ҰҚШҰ-ға енетін басқа да мемлекеттердегі әріптестерімізбен бөлісіп отырдық. Сергей Нарышкин

Сондай-ақ ол елдегі жағдайға баға берді.

Қазақстандағы оқиғалар деструктивті саяси күштердің түрлі-түсті төңкерістерді жасауға талпынуда көшеге экономикалық ұран ұстап шыққан, бастапқыда бейбіт наразылық акцияларын өте жедел және жоспарлы түрде пайдалана алатындығын көрсетті. РФ СБҚ басшысы

Сонымен қатар, Нарышкин алдағы уақытта ҰҚШҰ-ға енетін барлық елдер жағдайды үнемі қадағалап отыруы керек деп санайды.

ҰҚШҰ-ға енетін мемлекеттердің іс-қимылдары, саяси көшбасшылардың берік ұжымдық ерік-жігері, жедел және жауапты шешімдер қабылдауы алғаш рет тәртіпсіздіктер, террористік шабуылдар ошақтарын тиімді оқшаулауға және жоюға болатынын көрсетті. Экстремистік және террористік топтар мен ұйымдар тарапынан төнетін қауіп-қатері жойылған жоқ, содырлар мен олардың басшылары тәжірибеге бай, оларды қаржыландыру мен қару-жарақпен қамтамасыз ету әлі жалғасып жатыр. Сондықтан өңірдегі ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу және террористік қауіпке қарсы іс-қимылға тартылған мемлекеттердің арнайы қызметтерінің бірлескен тынымсыз күш-жігері қажет. Сергей Нарышкин

2022 жылғы 5 қаңтарда Алматы қаласындағы Республика алаңында жаппай тәртіпсіздік кезінде бірнеше республикалық телеарналар мен басылымдардың редакциялары талқандалып, тоналды.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін