Атырау облысында жанармай көлігінің жоғалған жүргізушісін іздеуге тікұшақ жұмылдырылды

Сурет: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
«Арна» ЖШС-нің «Орал» жанармай таситын көлігін мінген 27 жастағы жүргізушісі 12 ақпанда Атыраудан Қаратал кен орнына жолға шығып, діттеген жеріне жете алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнгі уақытта іздеу-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің үш қызметкері бірден жұмылдырылды. Сағат 6:20-да қосымша үш құтқарушы, «Арна» ЖШС-нің үш қызметкері, сонымен қатар туыстары жұмылдырылды, - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Мой город» порталының хабарлауынша, іздеу жұмысы Атырау облысы Мақат ауданы Доссор ауылынан 40 шақырым жерде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Қаратал кен орнының маңында МИ-8 АО «Казавиаспас» ұшағы да іздеуге жұмылдырылды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша