16 ақпанда түнде Қарағанды облысының шығысында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Қарағанды мен Жезқазғанда 16 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі.
16 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында тәулік бойы, 17 ақпанда облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады деп болжанды. 16-17 ақпанда облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз 16 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 17 ақпанда жел түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында, күндіз басым бөлігінде болады. 16-17 ақпанда Петропавл қаласында күндіз жаяу бұрқасын соғады.
16 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.
16-17 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман болады. Шығыстан жел соғады, тау асуларында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Шымкентті алдағы күндері түнде және таңертең тұман басады. Түркістанда 16-17 ақпанда түнде және таңертең тұман болады.
16 ақпан Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, сонымен қатар Атырауда тұман басады.
16 ақпан Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман басады. Оралда және Ақтөбе облысының батысында түнде және таңертең тұман болады.
16 ақпанда түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады деп болжанды. Түнде облыстың батысында тұман басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.