Мәскеуде оқ тиіп, жараланған отандық спортшы болған істің мән-жайын жайып салды

Бағдат Дүйсембаев достарымен бірге спорт клубына абонемент тіркету үшін барған. Олар сол араның күзетшілерімен сөзге келіп қалады. Дүйсембаевқа қару алты рет кезелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқ тиіп, зардап шеккен қазақстандық аралас жекпе жек шебері Бағдат Дүйсембаевтың оқиғасының мән-жайы белгілі болды. Спортшыға қарай алты рет оқ атылған, деп хабарлайды РЕН-ТВ.

Дүйсембаев достарымен бірге таңертең Орджоникидзе көшесіндегі спорт клубына абонемент сатып алу үшін барғанын айтады. Бұған дейін спортшыларға карталар бойынша жеңілдік уәде етілген.

Автотұрақта күзетшілер Дүйсембаев пен оның достарына жақындап келіп, көлікті алып кетуін, оған тура бес минут берілетінін айтады. Өйткені көлік басқаларға кедергі келтіреді-мыс.

Алайда, абонемент сатушы орталық қызметкерлері жұмысына кешігіп жатады. Сондықтан олардың күтуге тура келеді. Спортшыларға жақындап келген күзетшілер, Дүйсембаевтың айтуынша, бұл аумақтан дереу кетулерін дөрекі түрде талап ете бастайды.

Мен айтып жатырмын, ашуланғаныңды қой, бір-біріміздің миымызды "жемейік" дедім. Содан кетіп қалған, қазір мәселеңді шешеміз деп. Бес минуттан кейін шықты да тағы бір жерге кіріп, қайта шықты... Қолында тапанша, оқтап жатыр. Бағдат Дүйсембаев

Спортшы өзін күзетші атады деп еш ойламаған, өйткені ешкім ешкімге қоқан-лоқы көрсетіп, қауіп төндірген емес.

Тапаншаны көрсетеді, қорқыту үшін жоғарыға атады, сондай жағдай көп қой. Мен солай ойладым, қорқыту үшін тұр деп. Ештеңе сұрамады, ештеңе демеді де. Бас салып ата бастады. Бағдат Дүйсембаев

Зардап шеккен спортшы қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның денесіндегі оқты алған.

Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: