Иранда әскери ұшақ құлады

Сурет: pixabay
Иранның Тебриз қаласында әскери ұшақ апатқа ұшырап, көлікке және сол кезде оқушылар болмаған мектеп ғимаратының қабырғасына соғылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

F-5 жойғыш ұшағы жабық тұрған мектеп пен спорт залының жанына құлаған. Салдарынан үш адам – екі ұшқыш пен көлікте болған бір азамат қаза тапты. Апатқа ұшыраған истребитель Тебриздегі Шахид Факури базасынан ұшып шыққан.

Бұл туралы Шығыс Әзірбайжан провинциясының дағдарыс жағдайлар департаментінің басшысы Мухаммад Багер Хонарбар хабарлады деп жазды ИРНА агенттігі.

Тебриздегі Шахид Факури әуе базасының қолбасшысы генерал Реза Юсуфи ұшқыш ұшақты елсіз аймаққа бағыттау арқылы үлкен трагедияның алдын алғанын айтты.

Біздің ұшқыштар ұшақты бос аймаққа қарай бағыттады. Өйткені ұшақ құлаған жер халық тығыз орналасқан аймақ еді. Алайда олар қалса, өздерін құтқара алар еді.Генерал Реза Юсуфи

Әскери ұшақ оқу-жаттығу миссиясы кезінде жоғалып кеткен. Техникалық ақауларға байланысты ұшқыш истребительді ұшу-қону жолағына қондыра алмаған.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды