Ақтөбеде көлік апаты кезінде опат болған үш баланың әкесі де қайтыс болды

Сурет: Zakon.kz
46 жастағы отағасының сүйегінің сау-тамтығы қалмаған. Басынан да ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел медициналық көмек жансақтау бөлімінде бүкіл емі жасалды. Соған қарамастан сегіз сағаттан соң науқас қайтыс болды. Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Жандос Дербіс

Марқұмды жақындары Алға ауданына алып кетіп, балаларымен бірге жерледі.

Лада-Ларгус көлігін тізгіндеген ол алдындағы машинаны басып озамын деп, қарсы келе жатқан жүк көлігімен түйіскен. Жол жиегіне аударылғанда көлігі өртеніп, үш баласы тірідей жанып кетті. Кішкентайы - бір жаста. Қалған екеуі 13, 15 жаста. Апат кезінде әкесі көліктің терезесінен сыртқа ұшып түскен.   

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр