«Қаңтар қасіреті» фильмі Хабар телеарнасынан көрсетіледі

Сурет: Zakon.kz
3 наурызда «Хабар» телеарнасы қаңтар оқиғасы туралы фильмдер циклінің үшінші бөлімі – «Қаңтар қасіреті. Тәртіпсіздік» деректі фильмін ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы қаңтар оқиғасы туралы деректі фильмдер циклінің үшінші бөлімінде оқиға куәгерлерінің өз аузынан әңгімелер берілген.

Күдіктілерден және жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін, сонымен бірге қару ұрлау бабымен сотталғандардан эксклюзив сұхбат алдық. Олардың әрқайсы сол күндері не істегені туралы айтып берді. Полицейлерге шабуыл, қару-жарақ қоймаларын тонау, погромдар, жиналған халыққа арматура беру сияқты оқиғаларға назар аударылды.Жоба авторы Айгүл Әділова

Еске сала кетейік, осыған дейін «Хабар» агенттігі «Қасіретті қаңтар. Оқиға қалай болды» және «Қасіретті қаңтар. Тонаушылар» деп аталатын екі деректі фильмді ұсынған еді. Бірінші бөлімде оқиғаның нақты хронологиясымен сирек кадрлардан үзінділер жиналды. Екінші фильм қарақшылар туралы деректерден құралған.

«Қаңтар қасіреті» деректі фильмінің премьерасы 3 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасында болады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі