Алматы облысында мектеп оқушысы өз ұрлығын ұйымдастырды

Сурет: pixabay
Мектеп оқушысы ата-анасының жазасынан құтылу үшін өзін әлде біреулердің ұрып-соғып, тонап кеткенің айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 наурызда жасөспірімнің анасы Талғар қаласының полициясына 17 жасар ұлын тонағанын айтып, арызданған.

Әйел әлдебір қарақшылар оқушыны ұрып-соғып, кейін оның қымбат ұялы телефонын тартып алғанын айтты.

Полиция қылмыстық іс қозғап, міндетті арнайы шараларды жүргізді. Алайда, қарақшының жеке басын анықтау мүмкін болмады.

Содан жедел қызметкерлер кәмелетке толмаған баламен қайта сөйлесуге мәжбүр болған. Әңгімелесу барысында студент айғақ беруде абдырап қалып, өзінің тонауын ойдан шығарғаның мойындады.

Осылайша, кәмелетке толмаған жігіт достарымен бірге ломбардқа ұялы телефонын салған, одан түскен ақшаны желідегі бәс тігу арқылы ұтылып қалған. Ата-анасының қаһарына ұшырамас үшін жасөспірім өзін ұрып-соғып, тонап кеткенін айтып, өз бетін көгертіп, дене жарақатын салған», - деп хабарлады Талғар ауданының полициясы.

Ведомствода оқушының айғақтары тексеріліп жатқанын атап өтті. Олар расталса, тонау фактісі бойынша қылмыстық тергеу тоқтатылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды