Бір тәулік бойында қар құрсауынан 90 адам құтқарылды

Өткен тәулікте Қазақстанда қар құрсауынан 91 адам, оның ішінде 14 бала құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Cұлтан қаласының Байқоңыр ауданындағы айналма жолда ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған жеңіл автокөліктен жеті адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Арқалық қаласында, Амангелді және Әулиекөл аудандарында ТЖД күшімен жолда қалып кеткен жеңіл автокөліктерден жақын маңдағы елді-мекендерге 32 адам, оның ішінде бес бала жеткізілді.

Сондай-ақ Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 15 шақырым жердегі облыстық маңызы бар тас жолдан Қостанай облысының ТЖД және жергілікті атқарушы органның күшімен төрт жеңіл көлік сүйреу арқылы қауіпсіз орынға жеткізілді. Онда 19 адам, оның ішінде екі бала болды.

Қарқаралы ауданында "Қарағанды – Аягөз – Бұғаз" тас жолының 207 шақырымында, Қарқаралы қаласынан жеті шақырымында қар құрсауында қалып кеткен Тоyоtа Carinа-дан Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары төрт адамды эвакуациялады.

Ақтоғай ауданында "Ақой-Ақтоғай-Балқаш" тас жолының 160 шақырымында қар құрсауынан тазартылған учаскеге Қарағанды облысы ТЖД күшімен және "Берер" ЖШС қызметкерлері көмегімен 16 жеңіл автокөлік шығарылды, оның ішінде 48 адам, оның ішінде жеті бала бар.

Олардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ ел азаматтарын елді-мекеннен шыққан кезде сақтық ережелерін сақтауға шақырады. Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысу, көліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізу, төтенше жағдайларда көмектесетін барлық қажетті заттарды өзімен бірге алып жүру ұсынылады. "Дәрмен" мобильді қосымшасы жолдардың жабылуы және дауылды ескерту туралы ақпараттардан құлақтандыруға мүмкіндік береді. Құтқару қызметінің бірыңғай телефон нөмірі - 112. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: