Cотталғандар карикатура салудан жарысты

Сурет: Маңғыстау облысы ҚАЖ департаменті
Маңғыстау облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 мекемесінде «Әзіл мен шынайылық» деген карикатуралар сайысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар бұл сайыста түрлі әзілі мен шыны аралас карикатуралық сурет салудан жарысты.

ГМ-172/6 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бойынша бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының аға инспектор-психологы Камшат Саипованың айтуынша, мұндай сайысты ұйымдастырудағы мақсат – адамның ішкі жандүниесіне жағымды әсер ету, жағымды қасиеттерін аша білу, қарым-қатынас үйлесімділігін орнату, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Жазасын өтеуші азаматтар сурет салу арқылы пікірін жеткізуді, сурет мағынасын айтуды, сонымен қатар өмірге құштарлығын дамыта алады.

Карикатура сайысына белсенді қатысқан азаматтар арасында үш адам үздік деп танылды. Мекеме басшылығы Мекеме басшылығы жеңімпаздарды грамотамен марапаттады.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды