Қазақстанда 70 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды

Сурет: unsplash
Қазақстанда қатты желдің салдарынан 70 133 абонент жарықсыз қалды. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қатты желдің салдарынан төрт қаладағы (Атырау, Талдықорған, Текелі, Павлодар) және алты облыстағы (Алматы, Атырау, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары) 194 елді мекенде 70 133 абонент жарықсыз қалды. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штаб

Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды.

Көшелерді тазарту жұмыстары жүргізілді, электр жарығын қалпына келтіру жұмыстары және төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша басқа да шаралар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда 86 жол учаскесі жабылды, оның 33-і республикалық, 53-і облыстық маңызы бар жолдар. Бұл ретте Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының бақылау-өткізу бекеттерінде (60) көліктер кептелісте тұр, – деп хабарлайды Төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штаб.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды