Алматы тауларында қар көшкіні болуы мүмкін

Сурет: pixabay
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен «Казселезащита» мемлекеттік мекемесінің мамандары алматылықтар мен қала қонақтарын таулы аймақта жаяу серуендеуден бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы маңындағы тауларда жауын-шашынның көп түсуіне байланысты қар көшкіні жүру қаупі жоғары.

Қатты жауын-шашын мен Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндеріндегі тау беткейлерінде тұрақсыз қар жамылғысына байланысты 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ведомство қала тұрғындарына қар көшкіні қаупі туралы хабарлар СМС-хабарламалар, БАҚ, сонымен қатар магистральдық жолдардың бойында орналасқан қаланың 50 ірі медиабордтарымен біріктірілген Darmen мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асатынын еске салды.

Сонымен қатар құтқарушылар қар көшкінін алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр.

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пневматикалық қондырғы арқылы қар көшкіні түсірілді. 300 шаршы метр қар түсті. Түскен масса шаңғы трассасына жетті, тазарту демалыс орнының бульдозерімен жүргізілді. Жұмыс барысында зардап шеккендер жоқ.Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді