«Қазатомөнеркәсіпке» қарайтын компанияға бес миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Монополияға қарсы ұйымның нұсқамасын орындаудан бас тартқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ тобына кіретін «Сауда-көлік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 4,9 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы орган «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-сіне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ АҚ компаниялар тобы шеңберінде пайда алмастан орталықтандырылған сатып алу арқылы кешенді материалдық-техникалық қамтамасыз ету» қызмет түрін алып тастау туралы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын жоюға нұсқама жолдаған.

Алайда «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-сі нұсқаманы орындаудан бас тарқандықтан, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 162-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып 4 900 800 теңге көлемде әкімшілік айыппұл салынды.Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы департамент

Бұл ретте ведомство өкілдері әкімшілік айыпппұл толық өндірілгенін атап өтті

Сонымен қатар, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 29 наураздағы шешімімен Департаменттің «нұсқаманы орындауға мәжбүрлеу» туралы талап арызы қанағаттандырылды.Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы департамент

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды