Көкшетауда пәтер ішінде от жаққан ер адам мерт болды

Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Барак типті үйдің пәтерінде өрт болды. Өртті ауыздықтаған Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері оқиға орнынан 49 жастағы үй иесінің денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 7 сәуірге қараған түні орын алған.

Көршілердің айтуынша, ер адам жұмыссыз болған, спирттік ішімдікке әуестігі бар бей-берекет өмір салтындағы адам ретінде есепке алынған. Ол үй ортасында от жаққан, өйткені пеш бүлінген, пәтер электр қуатынан ажыратылған.

Үйде жиһаз бен басқа да керекті дүниелер болмағаны, ал бөлме іші әртүрлі тұрмыстық қоқыстарға толы болғаны атап өтіледі.

Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Төтенше оқиға орнында Көкшетау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Өрттің себебін анықтау мақсатында Ақмола облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ зерттеу өрт зертханасы тағайындалды, қайтыс болған адамның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады