«Жүріп кеткен». Ақтөбеде аяғы ауыр келіншек автобустан құлады

Сурет: autopark1.kz
Ақтөбеде жетінші айына жүкті әйел автобустан шыға бере құлады. Автобус жүргізушісі оның түсіп болғанын күтпестен газ басқышты басып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 жастағы әйел арқасы жарақаттанып, шок алған, деп хабарлайды "Диапазон".

Жүргізуші де, кондуктор да оған көмектесуге ниет білдірмеген, автобус сырғып ары қарай кете барған.

Басында күйеуіме ештеңе айтпадым, ол ашуланып, автобустың артынан барады деп қорықтым. Үйде ол бәрібір бәрін білді. Арқам әлі күнге дейін ауырады. Сол күні көп куәгер болды. Жүргізушіні жұмыстан шығарсын демеймін, оны жеп отырған нанынан айырғым келмейді. Бірақ тағы жазасыз қалдырсаңыз, бұл жағдай қайталануы мүмкін. Зардап шегуші

"Автопарк" ЖШС оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Жүргізушінің жеке басын анықтп, қажетті әрекет ету шараларын қабылдау үшін жәбірленуші полицияға арызданды. Біз жүргізушіге қатысты барлық мәліметтерді органдарға бердік. Тексеруден, процессуалдық әрекеттерден кейін, егер кінәлі болса, жүргізушіге қатысты шаралар қабылданады. Одан өзге бізде басқа фактілер жоқ. "Автопарк" ЖШС өкілі Руслан Жылқаманов
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды