Жамбыл облысында жоғалған сарбаздың денесі қырғыз жерінен табылды

Сурет: Instagram/gulmir_ktk
Он сегіз жасар сарбаз Ұлықбек Бердішевтің Жамбыл облысы Меркі ауданындағы әскери базадан жоғалып кеткендігі туралы хабар 2 наурызда таралды. Оның денесі Қырғызстаннан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv сайтының жазуынша, сарбазды соңғы рет оның қаруласы көрген. Жас жауынгер екінші наурыз күні екілер шамасында ат қораны тазалауға шыққан екен. Кейін сарбаздар сапқа шақырылғанда арасында Ұлықбек жоқ болған. Дереу дабыл қағылып, туыстарына хабар берілген. Содан бері одан еш хабар болмады.

Бүгін журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында сарбаздың денесі қырғыз жерінен табылғанын жариялады.

Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді, – деп жазды журналист.

Енді сарбаздың өлімінің себептері арнайы әскери сот-сараптама анықтайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін