Тараз қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді

Сурет: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Жамбыл облысының Шу станциясындағы көлік полициясының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде «Құмөзек-Шу» аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында АКС-74У маркалы автомат пен 5,45 мм калибрлі 19 патрон тауып, тәркілеген.

Ведомство басшысы тексеру барысында автомат қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде Жамбыл облысы полиция департаменті ғимаратынан ұрланғандығы анықталғанын атап өтті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нiң 287-бабы 3-бөлігі, яғни қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды