Ауыл маңындағы медициналық қоқыс. Алматы облыстық СЭБД тексеру жүргізіп жатыр

Сурет: Instagram/karabulak_patriot
Әлеуметтік желіде Ескелді ауданының Абай ауылында қауіпті медициналық қалдықтардан тұратын қоқыс орыны пайда болғаны туралы ақпарат жарияланды. СЭБД тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазба Instagram-дағы Karabulak_patriot парақшасында жарияланды.

СЭБД-ның арнайы комиссиясы мән-жайларды анықтау үшін оқиға орнына аттанды.

Тексеру қорытындысы бойынша жазбада келтірілген деректер расталды. Жалпы көлемі 3-4 тоннаға жуық медициналық қалдықтардың (пайдаланылған шприцтер, обаға қарсы костюмдер, биоматериалдары бар пробиркалар, термометрлер, шам шынылары) стихиялық түрде шашылып жатқаны анықталды.

Қатталған медициналық қалдықтар Ескелді ауданының Абай ауылынан 3,5-4 шақырым қашықтықта орналасқан. Медициналық қалдықтар "Ескелді аудандық орталық ауруханасы", "Қаратал аудандық орталық ауруханасы", "БШМЖО" деген таңбалары бар картон қораптар мен қауіпсіз кәдеге жарату контейнерлеріне салынған. Өз кезегінде Ескелді ауданының орталық аудандық ауруханасының басшылығы комиссияға "Жетісу-Фарм К.М." ЖШС-мен (31.03.2021 ж. №180 шарт) және "Перфект ЭКО" ЖШС-мен (07.02.2022 ж. №87) жасалған шартты ұсынды. Алматы облыстық СЭБД

Сондай-ақ СЭБД мәліметінше, Ескелді ауданының аудандық полициясының кезекші бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабына акт тіркелгені айтылады. Полиция қызметкерлері материалды тіркеу үшін қоқысты тапқан және оны хабарлаған адамдардан түсініктеме алды.

Сондай-ақ, Ескелді аудандық орталық ауруханасының өкілінен түсініктеме алынды.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды