Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды

Сурет: Instagram/mangystau_tjd
Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды. Осыған орай облыстық полиция департаменті жүргізушілерді аса қажет болмаса, жолға шықпауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Инспекторлар жол ережесін мүлтіксіз сақтауға, жылдамдықты шектен асырмауға шақырады. Маңғыстау облысының полиция департаменті

Сурет: Маңғыстау облысы полиция департаменті

Маңғыстау облысында бір күн бұрын дауылды ескерту жарияланды. Шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан күшті жел соғады.

Ақтау қаласында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Дауыл қаупі төнген кезде балкондар мен лоджияларды тексеру керек. Барлық жеңіл және үлкен нәрселерді бекіту керек, болмаса бөлмеге кіргізіңіз. Жеке көліктерді ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан алыс ұстаңыз. Әйнекті мүмкіндігінше сынудан сақтаңыз және терезе жақтауларын бекітіңіз. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Төтеншеліктер ескертеді: қатты желде үйлердің қабырғасына жақын жерге тығылмаңыз, өйткені төбеден шатыр немесе басқа да материалдар құлауы мүмкін. Балаларды қараусыз қалдырмау қажет, аса қажет болмаса,көшеге шықпаған жөн.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды