Вайнер Төребаев пен қаржы пирамидасының тағы үш ұйымдастырушысы қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
19 сәуірде қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы, оның ішінде атақты вайнер Мейіржан Төребаев қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Пирамидалық схема бойынша тағы үш айыпталушы анықталды. Олар «MUDARABAН CAPITAL» серіктестігінің мүшелері Ш және Т есімді азаматтар, оларға қатысты сот бұрын бұлтартпау шарасы ретінде «кепіл» санкциясын берген, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу кезінде «үйқамаққа» алынған М және К есімді азаматтар. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Әбдірахманов

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі олардың Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылғанын еске салды. Қылмыстық іс бір топ азаматтың «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD Technology» ЖШС лауазымды тұлғаларына қаржылық пирамида құру және оны басқару фактісі бойынша жазған ұжымдық арызы негізінде тіркелді.

Анықталғандай, 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысуға қажет деген желеумен қаражат тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқан.

Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әр салымшыға төлеген жарна сомасының 20 пайызын төлеуге міндеттелген. 5 млрд теңгеден астам қаражатты «ASTEX.KZ» ЖШС 162 салымшыдан басқа компания – «MUDARABAN CAPITAL» ЖШС арқылы алған.

2022 жылдың ақпан айында вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаев қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат таралды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі