Маңғыстауда итбалықтың жаппай қырылу себебі анықталып жатыр

Сурет: ҚР Экология министрлігі
Сарапшылар жағалау аумағын тексеріп, басқа да өлген жануарлардың бар-жоғын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология министрлігі әлеуметтік желідегі «Қаражанбас» кен орнының су алатын бөгет аймағында 50-ге жуық итбалық өлгені туралы хабарламаға қатысты түсініктеме берді.

Оқиға орнына Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары аттанды.

26 сәуір күні сағат 23:00-дегі жағдай бойынша мамандар бір-бірінен шалғай орналасқан әртүрлі жерлерде орналасқан 22 өлі итбалықты тапты.

Инспекция қызметкерлері итбалық қалдығы ыдыраған күйде болғандықтан, өлім себептерін анықтау үшін зертханалық зерттеуге жататындығын тексереді.

Мамандар жағалауды және Каспий теңізінің басқа бөліктерін тексеріп, басқа да өлі жануарлардың бар-;жоғын анықтап жатыр.

Зертханалық зерттеулер үшін итбалықтардың өлген жерінен су және топырақ үлгілері, сондай-ақ итбалықтардың өлекселері алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға соққы бермеуге келісті