Алматы облысында оқушы студенттің мұрнын бұзды

Сурет: pexels
Алматы облысында жасөспірімдер төбелесіп қалды. Бұл факті облыстық полиция департаментінде расталды. Қазір Еңбекшіқазақ аудандық ювеналды полиция басқармасының қызметкерлері бұл жәйтті тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төбелес туралы ақпарат Instagram-дағы арналардың бірінде пайда болды. Оқиға 28 сәуір күні сағат 12:00 шамасында болған. Екі студент соққыға жығылған, біреуінің мұрны сынған. Төбелестің себебі белгісіз.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық Полиция департаментіне жүгінді.

Есік кәсіптік-техникалық колледжінің 17 жастағы студенті қаладағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде оқитын құрдасымен төбелесіп, мұрнын сындырды. Тергеуді Еңбекшіқазақ ауданының ювеналды полиция қызметкерлері жүргізіп, кәмелетке толмағандар арасындағы жанжалдың себебін анықтап жатыр.Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі

Департаменттегілер аталған факті 73-1(«Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бабында көзделген тәртіп бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады. («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру»).

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды