Осы кезеңде өрттерден келген материалдық шығын 9 млрд 336 млн 665 мың теңге болды.
Өрттердің негізгі себебі: адамдардың отқа абайсыз қарауы – 3424 жағдай немесе республика бойынша жалпы санының 28%-ы;
электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу – 4236 жағдай (34,6%);
пешті жылытуды орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 1702 жағдай (14%).
Вице-министр «Қазгидрометтің» болжамы бойынша жақын арада орташа температура +30ºС болатынына назар аударды. Республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөлігінде құрғақшылық пен жауын-шашынның болмауы, ауа температурасы +40ºС дейін көтерілуі болжанды.
Болжам өрт қаупі деңгейінің артуына және жағдайдың күрделенуіне ықпал етеді. Мысалы, 2022 жылы өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 67 орман өрті, бір дала өрті және 394 далалық массивтер өрті тіркелді.
Жоспарға сай жағдай нашарлаған жағдайда өрт болған жерге 39 мыңға жуық адам, 8 мыңнан астам техника, су төгетін 10 тікұшақ (оның ішінде Қорғаныс министрлігінің алты ұшағы) және 40-тан астам өрт сөндіру пойызы жұмылдырылады. Аталған қызметтер өртті сөндіруге арналған ірі өрт кезінде оны сөндіре алатындай қормен қамтамасыз етілген.Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіков
Спикер республиканың өртке қарсы қызметінде түрлі функционалдық мақсаттағы 3 мыңнан астам техника бар екенін айтты. Биыл республикалық бюджет есебінен 175 бірлік, жергілікті бюджет есебінен 98 бірлік автокөлік сатып алу жоспарланып отыр.