Картингдромдағы бала өлімі: күдікті анықталды

Сурет: Zakon.kz
2 мамырда Алматы облысындағы картинг орталығында 10 жасар бала қайтыс болды. Облыстық полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жағдай Іле ауданындағы картинг орталығында болды.

Куәгерлердің айтуынша, бала мінген көлік пластмасса блоктарды бұзып өтіп, жақын жерде тұрған ГАЗ-53 жүк көлігіне соғылған.

Қайғылы оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс материалдарында күдікті ретінде картинг орталығының 41 жастағы директоры көрсетілген. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, істің мән-жайын анықтау үшін бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу барысында күдіктіге қатысты «Келуге міндетті» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қылмыстық іс департаменттің тергеу бөліміне қабылданып, бақылауға алынды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін