Павлодарда өртке оранған пәтерден құтқарушылар ер адамды зембілмен алып шықты

Сурет: Павлодар қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Өрт Қайырбаев көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 10 мамыр күні түс ауа болған.

Бір бөлмелі пәтердің жалпы алаңы 5 шаршы метр болатын аумағындағы үй заттары жанып кетті. Төртінші қабаттың терезесіне баспалдақ орнатылды. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдың көмегімен кіреберіс темір есікті ашты. №4  өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Алексей Майсюк, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі Аслан Қасимов балконда 1964 жылы туған пәтер иесіне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өкпе құтқару құралымен желдетілді. Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Төтеншеліктердің мәлімдеуінше, өрт сөндірушілер оны зембілмен сыртқа алып шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 28 адам өз бетімен, өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен алты адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды.

Өрт сағат 13:47-де сөндірілді. Себеп пен залал анықталып жатыр.

Оқиға орнында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, МАО, «102», «103» қызметтерінің 29 қызметкері мен жеті техникасы жұмыс істеді.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі