Шымкентте өрт сөндірушілер жанып жатқан жертөледен екі баланы аман алып қалды

Жертөледе қоқыс өртенді. Құтқарушылар тұншығып, қорқып қалған балалармен үнемі байланыста болып, оларға нұсқау беріп отырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте құрылысы аяқталмаған ғимараттың жертөлесінде отпен ойнау өртке себеп болды, деп жазды ҚазАқпарат.

Оқиға 10 мамырда болған. Р.Қабылбеков көшесі, 25 мекенжайында орналасқан құрылысы аяқталмаған ғимараттың жертөлесінде өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 18:45-те түскен.

2011 және 2012 жылы туған екі бала отпен ойнап, өрттің шығуына себеп болған. Олар өз бетімен шыға алмай, оқиға орнына мамандандырылған отрядтың қызметкерлері жіберілді.

Тұншығып, қорқып қалған балалармен құтқарушылар үнемі байланыста болып, нұсқау беріп отырды.

Балалар киімнің көмегімен тыныс алу жолдарын түтіннен қорғады. Өрт орнына жетіп, мамандандырылған отрядтың қарауыл бастығы Писменский, аға өрт сөндірушілер Сихымбаев, Лескен, ГТҚ аға шебері Қуантай тез арада түтін басқан жертөлеге кіріп, балаларды дер кезінде арнайы тыныс алу аппаратына қосып, қауіпсіз жерге шығарып, Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлеріне тапсырды. Шымкент қаласы ТЖД

Жертөледе 6 шаршы метр аумақта қоқыс өртенді. Өрт 19:31-де толығымен сөндірілді.

Шымкент Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: