Маңғыстауда қырылған итбалыққа қатысты Экология министрлігі түсініктеме берді

Сурет: pixabay
Маңғыстауда итбалықтардың өлексесі әлі де табылып жатыр. Бұл жолы, 14 мамырда Форт-Шевченко теңіз портының жағалау аймағында, Үрдік мүйісінен Баутин шығанағына дейінгі аумақта 64 өлі итбалық пен бес бекіре табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Теңіз жануарлары мен бекіре тұқымдас балықтардың өлексеcі қатты ыдырау сатысында болды, соның салдарынан зерттеу үшін тін үлгілерін алу мүмкін болмады. Сондықтан итбалықтар қыста қырылған деп болжауға болады. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, теңіз жануары табылған жерден су мен ауа сынамасы алынған.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі 2022 жылғы 27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінің жағалауында 94 өлі итбалық табылғанын еске салды.

Зерттеу нәтижелері, сондай-ақ жануарлар өлімінің болжамды себептері зерттеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде жарияланады. Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының инспекторлары Каспий теңізінің жағалау аймағы мен басқа да бөліктеріне мониторинг жүргізіп жатыр. Ақпарат жаңартылып отырады. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды