Алматыда бойжеткен полицейлерге пышақ ала жүгірді

Сурет: видеодан скриншот
Алматы полиция департаменті тапа-тал түсте екі жігіт көлікке күштеп отырғызып кеткен қызды ұстаған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгер түсірген видео Telegram арналарының бірінде жарияланды. Видеодан екі жігіт қызды көлікке қыстап отырғызып жатқанын көруге болады. Жігіттердің бірі қызметтік куәлігін көрсетеді.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық полиция департаментіне жүгінді.

Осы азаматқа қатысты Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің190-бабы (алаяқтық. – Редакцияның ескертпесі) бойынша екі іс тіркеді. 11 млн теңгеден астам залал келтірген . Тұтқындау кезінде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, оларға пышақ ала жүгірген. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомстводағылар қыздың «қосымша тергеу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілгенін» түсіндірді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы