Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті таратқан мәлімет бойынша, бұл жағдай 8 наурыз күні қарсаңында болған.
Айыпталушы сүйіктісінің әйеліне оның қарым-қатынасы туралы айтпақ болып қоңырау шалған, алайда өзін ұстай алмай, оны әдепсіз сөздермен қорлаған. Әйелі телефон тұтқасын қоя салған. Алайда, алған бетінен қайтпаған әйел қарай телефон шалуын тоқтатпаған. ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі
Жәбірленуші учаскелік инспекторды шақырып, аудио жазбаны сақтап, оны сотқа ұсынған.
Сот әйелді құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартты. Кейін пробация қызметіне есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті әкімдікке жолданды. Қащір ол күніне 4 сағаттан аумақты тазалап жүр. ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі
Ведомство атап өткендей, қазіргі уақытта сотталушы тарапынан бұзушылықтар анықталмаған. Қоғамдық жұмыстарды тәртіпке сай орындап жатыр.