Шымкентте көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

Сурет: pexels
Шымкентте полиция қызметкерінің видеожетонына көпірден секірмек болған ер адамды құтқару сәті түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, оқиға Қапал батыр көшесіндегі көпірде болған. Патрульдік полиция полкінің инспекторынан оқиға куәгері көмек сұраған.

Полиция қызметкері Жанболат Тастахов көпірге қарай беттегенде қоршаудың артында тұрған ер адамды көреді. Тәртіп сақшысы оны сөзге айналдырып, байқатпай жақындап, ұстап алып, қауіпсіз жерге сүйреп апарды. Оқиға полицияның видеожетонына жазылған. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларында көпірге бармас бұрын оның бірнеше рет жолдың жүру бөлігіне шығып, жүріп бара жатқан көліктердің алдында жатқаны жызылып қалған.

Күнделікті қызмет барысында түрлі жағдайларға тап боламын. Мен әрқашан адамдарға қиын кезде қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Оны аман алып қалуға үлгердім. Жанболат Тастахов
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты