Оңтүстік Кореяға оңай жолмен виза алмақ болған қызылордалықтар сан соғып қалды

Сурет: Zakon.kz
Қызылордада бес адам ақшасынан айырылды. Олар Оңтүстік Кореяға виза алуға көмектесемін деген алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияңа алаяқтық фактісі бойынша қала 49 жастағы тұрғын арызданған. Бейтаныс әйел жәбірленушіден алаяқтық жолмен 1 миллион 500 мың теңге алғаны белгілі болды. Ол екі баласына Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұруға виза алуға көмектесемін деп уәде берген.

Кейін дәл осындай алаяқтық фактісі бойынша тағы төрт жәбірленуші полицияға арыз түсірген.

Белгісіз әйел сенімге кіріп, шетелге виза алу мәселесін шешіп бермек болған. Әр жәбірленушіден 700 мың теңге алған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн 300 мың теңге болды.

Қызылорда полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Күдікті алған ақшаны өз қажетіне жұмсағаны белгілі болды.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады